Алтын күн бойы Павлодар облысында амнезиямен ауыратын әйел іздестірілуде,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы.
ІІМ-нің, хабарлауынша 1949 жылы туған Надежда Костынюк 4 қарашада үйден шығып кетіп, содан кейін қайтып оралмаған. Амнезиямен ауыратын әйел, кей кездері есте сақтау қабілетін жоғалтып үйден кетіп қалатын көрінеді. Бірақ, осыған дейін оны тез тауып алатын болған.
"4 қарашадан бастап полиция қызметкерлерінен басқа, іздестіру іс-шараларына ТЖ қызметкерлері, кинологиялық қызмет, vita еріктілері және бей-жай қарамайтын ауыл тұрғындары жұмылдырылды. Іздеу үшін ұшу аппараттары (дрондар) мен тікұшақ қолданылады", - деді Павлодар облысы Успен ауданының полиция бөлімінің бастығы Асқар Аралбаев.
Бұл аймақта Ресейге апаратын жолдар бар, сондықтан полицейлер әйелдің Павлодар облысынан тыс жерлерге шығуы мүмкін деп қорқады.
Әйел үстіне сары күртеше, басына қызыл түсті тоқылған қалпақ, аяғына резеңке галош киген. Хабар-ошарсыз кеткен қарияның орналасқан жері туралы қандай да бір ақпараты бар кез келген адам 102 телефоны бойынша полицияға хабарлауы сұралады.