Шымкент маңындағы әскери бөлімнен ұрланған қару-жарақтар табылды

27 Ақпан, 2020 127 0

Бүгін Түркістан облысының әскери бөлімінен қару-жарақтарды ұрлап кеткен әскери қызметкердің төртінші сыбайласы ұсталды. Сондай-ақ ұрланған барлық қару-жарақ табылды, деп хабарлайды Newsroom.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

-«Бүгін ҚР Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлерінің жедел-тергеу тобы әскери бөлімнен қару ұрлаған кіші сержант А. Балғынбайдың төртінші сыбайласын ұстады.

Ер адам полициядан танысының үйінде жасырынып жүрген. Одан әскери бөлімнен ұрланған екі «Макаров» тапаншасы мен травматикалық тапанша тәркіленді.

Бұған дейін ведомствоаралық топ қызметкерлері әскери қызметшіден атыс қаруын сатып алған оның үш досын ұстаған болатын. Қылмыс жасағаннан кейін барлық күдіктілер бөлініп, полициядан жасырынып жүрген. Сондықтан ұстау бірнеше аймақта: Алматы, Шымкент және Түркістан облыстарында жүргізілді. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қылмысқа қатысы бар барлық адамдарды анықтап, ұстау ғана емес, сондай-ақ олар ұрланған барлық қаруды тәркілеуге мүмкіндік туды. Бұл - 29 «Калашников» автоматы және 28 «Макаров» тапаншасы, травматикалық тапанша және 2 дана пышақ. Бүгінгі таңда қаруды қылмыстық мақсатта пайдалану қаупі жоқ деп сеніммен айтуға болады», - делінген ресми мәліметте.

Негізі қылмыстық іс бойынша күдікті ретінде 8 адам жауапкершілікке тартылып жаты. Төрт әскери қызметкер (оның ішінде дивизион командирі) және А. Балғынбайдың сыбайласы болған  төрт азаматтық тұлға.

ҚР ІІМ Тергеу департаментінің әскери-тергеу басқармасы сотқа дейінгі тергеуді жүргізіп жатыр.

Естеріңізге сала кетсек, 20 ақпан күні Түркістан облысында Әуе қорғанысы күштерінің әскери бөлімшесінде келісім-шарт бойынша қызмет етіп жүрген кіші сержант А.Балғынбай кезекшілікті өз бетімен тастап шығып, қару-жарақ ұрлап кеткен еді.

Тегтер: Түркістан, қару, Калашников, Макаров

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.