Қылмыс

Жетісуда математика пәнінің мұғалімі оқушыны зорлаған ба?

14 жастағы оқушыны зорлады деген күдікпен 35 жастағы Жетісу облысы тұрғыны іздестіріп жатыр

Жетісу облысы Сарқанд ауданының полиция қызметкерлері Сарқанд қаласындағы мектептердің бірінде 14 жастағы оқушыны зорлады деген күдікпен қаланың 35 жастағы тұрғынын екінші күннен бері іздестіріп жатыр,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Құқық қорғау органдарындағы дереккөздің айтуынша, күдікті 10 жыл бойы Сарқанд қаласындағы мектептердің бірінде мұғалім болып жұмыс істеген және баланың әпкесінің күйеуі.

Қылмыс Сарқанд қаласындағы қонақ үйлердің бірінде болған. Шуға администратор жүгіріп келіп, бөлмелердің бірінен көмек сұрап, айғайлаған дауысты естиді.

Ол баланы босатып, полиция шақырған, бірақ қылмыскер қашып үлгерген.

Қазір Сарқанд РОП жеке құрамы оны іздеуге жұмылдырылған. 

Сарқанд қаласынан алыс емес жердегі таудан полицейлер оның көлігін тауып үлгерген. Іздеу жалғасуда.