Ірі банктерде депозит азайып барады
Еліміздегі ірі банктерде депозит көлемі азаюда
2023 жылғы 1 қазандағы есеп бойынша, ҚР ЕДБ депозиттерінің жалпы сомасы 32,5 трлн теңгеге жетті,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы ranking.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл жыл басындағы көрсеткіштен 2,9 пайызға артық көрінеді. Үздік он банктің ішінде тек бесеуі ғана өсім көрсетті, қалған бесеуі керісінше төмендеген.
Депозит көлемінің ең үлкен өсімі Kaspi Bank-те: жыл басынан бері қаржы институтының депозиті 20,4% көбейіп, 5 трлн теңгеге жетті. Бұл ретте көрсеткіш бір айда 4,7%, бір жылда 41,2% көбейді. Қазақстанның банк секторындағы Kaspi Bank депозиттерінің үлесі жыл басынан бері 13,2%-дан 15,5%-ға дейін өсті.
Екінші орында Еуразиялық банк: бір жылда 11,7% көбейіп, 2,1 трлн теңгені құраған. Банктің сектордағы үлесі 6,5%.
Одан кейінгі орынды ЦентрКредит банкі иеленген. Жыл басынан бері қаржы институтындағы депозит 10% көбейіп, 3,5 трлн теңгеге жетті. ҚР банк секторындағы үлесі 10,8%.
Отбасы банкі мен ForteBank та депозиті болса 9,3% және 4% - ға өскен.
Ал, Bereke Bank, Ситибанк Қазақстан, Bank RBK, Jusan Bank және Halyk Bank депозиті көлемі азайған. Бұл қаржы институттары депозиттерінің жалпы сомасы жыл басынан бері 1,3 трлн теңгеге төмендеген.
Жылдық динамика бойынша ҚР ЕДБ депозиттері 10,5% өскенін, ал бес жыл ішінде өсім 95,4%-ды құраған.
Мұндай динамика салымшылардың банк жүйесіне және жалпы сектордың дамуына деген сенімін көрсетеді.