Теміртауда екі жасар баланы айуандықпен өлтірген өгей әке кім?
Ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды
Екі жасар өгей баласын жауыздықпен өлтірген әкенің соты өтті, деп хабарлайды newsroom.kz порталы Полиция департаментіне сілтеме жасап.
Соттың мәліметінше, Теміртауда айыпталушы баланы 2023 жылғы 21 наурыз күні мас күйде айуандықпен өлтірген.
Баланың жүрек тұсындағы пышақ жарақаттарынан бөлек, қолы да сынған. Баланың анасы күйеуі ұсталған кезде қолы кесілгенін байқаған, ол тамырын кеспек болған. Әйелдің сөзінше, күйеуі тергеу эксперименті кезінде түрмеге түспей, емделуге ауруханаға бару үшін өзін аурушаң етіп көрсетпек болған.
Ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды.