Әлем

Палестинаны қолдаған Белла Хадид туралы не білеміз?

Америка-палестиналық модель Белла Хадид туралы сіз білмейтін деректер

Жақында ғана Палестинаны қолдап, қанды қырғынды тоқтатуды сұраған Белла Хадидпен Dior бренді келісімшартын үзгенін хабарлаған едік. Компанияның бет-бейнесі рөлін израильдік модель Май Тагер алмастырған Белла Хадидті қорқытып, қоқан-лоққы көрсетіп жатқандар көп көрінеді. Ал, осы подиумның жұлдызы атанған Белла Хадид туралы не білеміз? Newsroom.kz дайындаған материалды назарларыңызға ұсынамыз.

1. Белла Хадид Олимпиада ойындарына қатысқысы келді. Бала кезінен бастап Белла ат спортына құмар боп өскен. Лайма ауруын жұқтырғанға дейін үнемі осы спорт түрімен айналысып, үлкен жетістіктерге жеткен.

2. Модельдік бизнеспен айналыспас бұрын, Хадид фотография бойынша кәсіби білім алуға шешім қабылдаған. Бұл оған жарықпен, фокуспен қалай дұрыс жұмыс істеу керектігін түсінуге көмектескен.

3. Белланың шашы табиғатынан ақшыл-сары түсті. Джиджидің әпкесінен ерекшелену үшін ол шашын қоңыр түске бояған. 

4. Белла Хадидті жиі Дженнифер Лоуренспен салыстырады. Бұл салыстырулар күніне бірнеше рет қайталанатын көрінеді.  Белла 2015 жылы Met Gala-да өзінің "егізімен" кездесіп, оған бұл туралы айтып, бір күліп алған.

5. Белла The Weeknd-пен ажырасу оның өміріндегі ең үлкен ажырасу емес деп санайды. Хадидтің Лего есімді қатты жақсы көрген жылқысы болған. Бірақ, 16 жасында ауруына байланысты онымен ажырасуға тура келді. Қыздың айтуынша, оның ешкіммен мұндай күшті эмоционалды байланысы болмаған.