Жаңалықтар

Қазақстанда киіктерді сою үшін жеті ет комбинаты жұмыс жасамақ

Қазақстанда киіктерді сою үшін жеті ет комбинаты жұмыс жасайды,- деп хабарлайды newsroom.kz Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың хабарламасына сілтеме жасап.

"Киіктермен жалпы экология министрлігі айналысып жатыр. Жақында ғана ет комбинаттары жұмыс жасайтыны нақтыланды, "Охотзоопромм" айналысады деген шешім қабылданды. Ал, біздің ауыл шаруашылығы Министрлігінің міндеті - ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Біз жеті ет комбинатын осы мәселеге арнадық, онда ветеринарлар бар, оларды толық ветеринарлық қауіпсіздікке жауап береді", - деді Сапаров сейсенбі күні Үкіметте өткен брифингте.

Ет қайда сатылатынын ведомство бұдан әрі мониторинг жүргізіп, қосымша есебінде айтатынын жеткізді.

"Біз ветеринарлық қауіпсіздікке жауаптымыз. Киіктерді сою кезінде ет комбинаттарында жұмыс істейтін ветеринарлар барлық қауіпсіздікті мойындарына алады", - деді Сапаров.