Dior палестина-америкалық модель Белла Хадидпен не үшін келісімшартты үзді?
Dior модель Белла Хадидпен келісімшартын үзіпті
Бұл туралы newsroom.kz порталы Al Bawaba News-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Француздық Dior бренді Палестина-америкалық модель Бела Хадидпен келісімшартты тоқтатып, оны израильдік модельмен алмастырды.
Dior косметикасының бет-бейнесі және 2016 жылдан бері брендтің палестиналық алғашқы елшісі болған Белла Хадид Газа секторында болып жатқан оқиғаларға қарсы шыққаннан кейін жанжалдың ортасында қалды.
Модель болып жатқан оқиғаларға қатысты өз пікірін айтып, бейбіт тұрғындарға қарсы зұлымдықты айыптады. Кейінірек, Хадид желіде оған және оның отбасына қауіп төніп тұрғанын жазды.
"Маған күн сайын жүздеген өлтіреміз деген хаттар жіберіледі, телефон нөмірім жарияланып кетті. Менің отбасым да қауіп төніп тұрғанын сезді", - деп жазды атақты модель.
Агенттіктің хабарлауынша, Хадидтің орнына жаңа Dior Beauty кампаниясына израильдік модель Май Тагер келеді. Израиль елі бұл қадамды әлемге әйгілі бренд пен Францияның Израильді айқын қолдауы деп санауда.