Қылмыс

Мас күйінде көлікке отырып, 3 көлікті қаққан кім?

Өскеменде әйел адам мас күйінде көлік басқарып, 3 көлікті қаққан

Өскемен қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы, 3-бөлігі және 611-бабы, 2-бөлігі бойынша азаматшаға  қатысты әкімшілік іс қаралды, деп хабарлайды newsroom.kz.

Сотта 2023 жылы 25 қазанда кешкі уақытта Өскемен қаласы, Н. Назарбаев даңғылы,  №91 үйдің маңында азаматша А. өзінің әрекетінің заңсыз екенін біле тұра орташа дәрежеде масаң күйінде көлік құралын басқара отырып, жолдың жиегінде тұрған автокөліктермен соқтығысып, үш көлікті зақымдағаны анықталды.

Оған қоса заң бұзушы оқиғасы орнынан ізін суытқаны да белгілі болды. 

Сотта күдікті кінәсін жартылай ғана мойындады: атап айтқанда, жол апатын жасағанын, оқиға орнын тастап кеткенін, алайда сол кезде масаң күйде болмағанын, алкогольдік ішімдікті үйге келген соң тұтынғанын айтқан. 

Сот күдіктіні кінәлі деп танып, оған қатысты 20 тәулікке қамауға алу және 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан айыру шарасын қолдануды үкім етті.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.