Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Қуанышты хабар! Қазақстандықтар биыл наннан тарықпайды

Биыл егін шаруашылығы қарқынды дамуда

Қуанышты хабар! Қазақстандықтар биыл наннан тарықпайды
фото: ашық дереккөзден

 Премьер-министр Әлихан Смайылов Үкімет отырысында егін науқанының қорытындылары туралы айтты деп хабарлайды,- newsroom.kz.

«Биыл еліміздің егіншілері үшін өте қиын жыл болды.Жаздың аптап ыстығы мен құрғақшылықтан алқаптағы егін қатты зардап шекті. Одан кейін тамыздан бастап осы күнге дейін үздіксіз жауған жауын-шашын астықтың сапасы мен түсімін төмендетіп жіберді. Қолайсыз ауа-райы диқанға да, техникаға да қолбайлау болды.

Егін орағы ұзаққа созылып кетті. Элеваторларға түскен бидайдың 40%-ке жуығы ешқандай класқа жатпайды.

Алайда, қазақстандықтар биыл наннан тарықпайды. Өткен жылдан қалған қорды ескеретін болсақ, жиналған өнім көлемі ішкі нарықты толықтай қамтамасыз етуге жеткілікті», - деді Смайылов.

Ол атағандай, фермерлерге мемлекет тарапынан қажетті қолдау шаралары көрсетілді.

«Атап айтқанда, әділ сатып алу бағасы белгіленді. Айыппұл санкцияларын қолданбай, несиелер мен қарыздарды қайтару мерзімдері ұзартылды. Жеңілдетілген дизель отыны, оның ішінде астықты кептіру үшін қажетті отын көлемі бөлінді. Субсидияларды төлеу бойынша міндеттемелерді толық көлемде орындау үшін шаралар қабылданып жатыр.

Осылайша, өсімдік шаруашылығы бойынша алғашқы 30 млрд теңге субсидиялары бөлінді. Сонымен қатар, бидайды тікелей сатып алу үшін тиісті қаржы бөлу туралы шешім қабылданды», - деді ол.