Тұман, жел, көктайғақ: 7 қарашада ауа-райы қандай болады?
7 қарашада ауа райы қандай болмақ?
"Қазгидромет" РМК мәліметі бойынша, антициклонның әсерінен республиканың басым бөлігінде жауын-шашын болмайды, ауа райы ашық болады,- деп хабарлайды newsroom.kz.
Тек батыста және оңтүстік Қазақстанның таулы аймақтарында атмосфералық фронттардың әсерінен синоптиктер жаңбыр жауып, жел күшейеді деп болжайды.
Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Оңтүстіктен екпіні 2-7 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -5-7°С, күндіз +6+8°С.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Желдің екпіні - 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде 0,+2°C, күндіз +12+14°C.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан екпіні 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +7+9°С, күндіз +19+21°С.