Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Исландияға бармауға болады! Қазақстандықтар полярлық шұғыланың куәсі болды

Солтүстік Қазақстан тұрғындары ерекше құбылыстың куәсі болды

Исландияға бармауға болады! Қазақстандықтар полярлық шұғыланың куәсі болды
фото: tengrinews.kz

Солтүстік Қазақстан облысында ауыл тұрғындары 5 қарашадан 6-на қараған түні өте ерекше табиғи құбылысты байқады,- - деп хабарлайды newsroom.kz.

Облыстың көптеген ауданындағы тұрғындар біздің климатымызға тән емес полярлық шұғыланы тамашалады.

"Қазгидромет" өкілдері бұл ерекше құбылыс - геомагниттік белсенділіктің әсерінен деп пікір білдірді.

"Полярлық шұғыланы күннен бөлінген зарядталған бөлшектер атмосфераның жоғарғы қабаттарындағы сирек газдарға әсер еткенде байқауға болады. Солтүстік шұғыла - геомагниттік белсенділіктің салдары. Бұл метеорологиялық құбылыс біздің ендіктерімізге тән емес және ел аумағында өте сирек кездеседі", - дейді ведомство өкілдері.

Айта кетейік, полярлық шұғыла немесе Cолтүстік шұғыласы — Жер атмосферасының ионосфера қабатында байқалатын жарқыл. Полярлық шұғыла ғарыштан келетін жоғары энергиялы зарядталған бөлшектердің (электрондар мен протондардың) атомдар мен молекулалармен әрекеттесуі (90 — 1000 км биіктікте) нәтижесінде пайда болады.

Полярлық шұғыланы Қазақстаннан бөлек, Ресей, Беларусь, Украина және тағы басқа елдің тұрғындары тамашалаған. 

"5 қарашада бірнеше елдің тұрғындары күшті магниттік дауыл салдарынан ерекше Солтүстік шұғыланы байқады. Қызыл Аврора деп аталатын шұғыланы Ростов және Воронеж облыстарының тұрғындары және Пермь, Қырым, Киев, Одесса азаматтары да көрген.

Сондай-ақ, Солтүстік шұғыланы АҚШ тұрғындары да бақылай алады, деп хабарлады ғарыштық ауа-райын болжау орталығы. Полярлы шұғыла Вашингтон, Вайоминг және Мэн сияқты Солтүстік Штаттардың үстінде көрінеді"-, - деп хабарлады The Insider басылымы.

Қатты геомагниттік дауыл жексенбіде корональды массаның лақтырылуынан басталды, бұл - күн тәжінен үлкен плазмалық бұлттың шығуы. Харьков астрономы Владимир Кажанов:" бірнеше күн бұрынғы күн планетасындағы тәждік массаның жарылуына байланысты біздің ғаламшарымызда күшті геомагниттік дауыл болды", – деп жазады. Ол Украина үшін бұл сирек кездесетін құбылыс екенін атап өтті.

.