weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
6 қараша, 2023 / Рысжан Амантай / Қылмыс
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қайрат Боранбаев бостандыққа шығыпты

Қайрат Боранбаев бас бостандығынан айыру орнынан босатылды

Қайрат Боранбаев бостандыққа шығыпты
фото: zakon.kz

Бұл туралы newsroom.kz порталы ІІМ ҚАЖК мәліметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қайрат Боранбаев 6 қарашада бас бостандығынан айыру орнынан босатылды.

Бас бостандығынан айыру жазасының өтелмеген бөлігі бас бостандығын шектеу түріндегі жазаға ауыстырылған Қайрат Боранбаев 2023 жылғы 6 қарашада бас бостандығынан айыру орындарынан босатылып, тұрғылықты жері бойынша жазасын өтеу орнына жіберілген.

Мекеме әкімшілігі сотталушыға тіркеу үшін пробация қызметіне келу бағыты мен уақытын көрсете отырып, жазасын өтеу орнына кетуге ұйғарым береді, сондай-ақ оны сипаттайтын материалдарды пробация қызметіне жібереді.