Аймақтар

Шардарада әлемнің ең мықты қолкүресшісі дауыс берді

Әлемнің ең мықты қолкүресшісі, әлем чемпионы Қыдырғали Оңғарбаев бүгін Шардара қаласындағы №850 сайлау учаскесіне барып, өз таңдауын жасады,- деп хабарлайды newsroom.kz.

Айта кетейік,Шардара ауданында 33 сайлау учаскесі таңғы сағат 07:00-ден бастап дауыс берушілерге қызмет көрсетіп жатыр. Аудан бойынша 44 109 тұрғын сайлау құқығына ие. 
Барлық сайлау учаскелері материалдық-техникалық жабдықтармен толық қамтылған.