Қылмыс

Сұмдық! Ақмолада жоғалып кеткен екі қыз Астанада табылды

Ақмола облысында жоғалып кеткен екі қыз Астанадан табылды

Ақмола облысында іс-түссіз жоғалған екі қыз Астанадан табылды, - деп хабарлайды newsroom.kz порталы облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2 қарашада кешкі уақытта Көкшетауда 18 жастағы Диана Ибраева үйінен құрбыларымен кездесуге кетіп, байланыссыз кеткен. Туыстары бірден полицияға жүгінген. Іздеу жұмыстарымен еріктілер айналысып, қыздың суреттерін әлеуметтік желіде таратқан. Бір тәуліктен кейін қызды астанадан да іздей бастаған. 3 қарашада Диана Астанадан табылып, туыстарына табысталды.

Осы секілді іздеу жұмысын Қосшы полицейлері де жүргізген. 2 қарашада 14 жастағы қыз жоғалып кеткені туралы хабар түскен. Қыз бұған дейін де бірнеше рет үйінен кетіп, бірнеше күнге жоғалып кеткен екен. Қызды ювеналды полиция бөлімшесінде профилактикалық есепке қойды. Ата-анасының айтуынша, ол 24 қазанда үйден кеткен, бірақ олар 9 күннен кейін ғана полицияға хабарласқан. Өтініш бергеннен кейінгі күні кәмелетке толмаған қыз Астанада жүргені белгілі болды.