Рамзан Қадыровтың 15 жасар ұлы жаңа қызметке тұрды
Рамзан Қадыровтың ұлы қандай қызметке тағайындалды?
Рамзан Қадыровтың 15 жасар ұлы Адам Шешенстан басшысының қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлімінің бастығы болып тағайындалды,- деп хабарлайды newsroom.kz Шешенстанның Ұлттық саясат, сыртқы байланыстар, Баспасөз және ақпарат министрі Ахмед Дудаев пен Шешенстан Мемлекеттік Думасының депутаты Адам Делимханов жеделхат арналары хабарламасына сілтеме жасап.
6 қазанда Адам Шешен Республикасының Батыры атағын алды. Кейін ол Татарстанның "Дуслык" – "ұлтаралық және конфессияаралық бейбітшілік пен келісімді нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін" екінші орденімен, сондай-ақ "Республикаға сіңірген еңбегі үшін" Қарашай-Черкесия жоғары орденімен марапатталды.
Шешенстан басшылығы Кавказ республикалаларынан Адам Қадыровты "қолдауды" сұрағаны көрінеді, бірақ Адыгея мен Кабардино-Балқария билігі оған ұлттық наградаларын беруден бас тартқан көрінеді.
Қыркүйек айының соңында Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров өзінің телеграм-арнасында 19 жастағы түрмедегі Никита Кранды Құран өртеді деген айыппен ұлы Адам ұрып-соғып жатқан видеосын жариялады. Қадыров бұл әрекеттерді мақұлдаған екен.
Саясаттанушылар 15 жасар Адамды Мемлекеттік қызметке марапаттау және жоғарылату арқылы Рамзан Қадыров оны Шешенстан басшысы және өзінің мұрагері ретінде дайындауда дейді.