Жаңалықтар

Болат Назарбаев ауруханаға түсті

Президент Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы ақпаратты растады, деп хабарлайды newsroom.kz порталы inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

 

Ол Алматыдағы Орталық клиникалық ауруханаға түскен.

"Болат Назарбаевтың жағдайы туралы ақпаратты тек пациенттің туғандарының келісімін алған соң хабарлай аламыз. Қазақстан заңдарына сәйкес, ауруханада емделушілердің жеке басына және денсаулығына қатысты мәліметті тек пациенттің жақындарының рұқсатымен жариялауға құқылымыз", – делінген хабарламада.