Жаңалықтар

Әлихан Смайылов Қытайға не үшін барды?

Смайылов Қытайға неге барды?

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Премьер-министрі Әлихан Смайылов жұмыс сапарымен Қытай Халық Республикасына барды, деп хабарлайды newsroom.kz. үкіметтік баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Әлихан Смайылов пен ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Цянның келіссөздері барысында сауда-экономикалық ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін талқылау жоспарлануда.

Сондай-ақ Премьер-Министр Шанхайда 6-шы Қытай халықаралық импорт көрмесінің ашылуына қатысады және басқа елдер делегацияларының басшыларымен бірге көрмедегі ұлттық павильондармен танысады.