Анджелина Джоли не үшін Израильді айыптады?

Анджелина Джоли Палестина мен Израиль арасындағы қақтығыс туралы жазба жариялады

Фото: ашық желіден

Голливуд актрисасы және БҰҰ-ның бұрынғы ізгі ниет елшісі Анджелина Джоли Израильдің Газа секторындағы әрекеттерін сынға алды деп хабарлайды newsroom.kz
Атақты адамның пікірі бойынша, жазықсыз тұрғындар қазір бомбалауға ұшырап жатыр. Ал, осы жағдайдың нәтижесінен кейін Газа секторы нағыз жаппай қабірге айналуы ықтимал.

"Бұл қашатын жері жоқ тұзаққа түскен халықты қасақана бомбалаудың бір түрі. Газа секторы ашық түрме ретінде жиырма жылға жуық уақыт бойы тез арада жаппай қабірге айналуда. Өлтірілгендердің 40 пайызы –жазықсыз балалар. Көптеген елдердің басшылары Тель-Авивке қолдау көрсетіп жатқанда, Палестина азаматтары – әйелдер, балалар, тіпті, бүтін бір отбасылар – ұжымдық жазаға тартылып жатыр. Олар халықаралық құқыққа қарамастан, тамақ, дәрі-дәрмек және гуманитарлық көмектен айырылды", – деп қосты актриса.", – делінген Джолидің мәлімдемесінде.

Жүктелуде...