Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
2 қараша, 2023 / Рысжан Амантай / Әлем

Менсінбеушілік пе? Миттал неге кешірім сұрамады?

АрселорМитталдың басшысы Лакшми Миттал неге Қазақстандағы қаралы жағдайға бей-жай қарады?

Менсінбеушілік пе? Миттал неге кешірім сұрамады?
фото: inbusiness.kz

29 қазан - Қазақстан тарихындағы аса бір ауыр, қаралы күндердің қатарына кірді. Қарағандыдағы Костенко шахтасындағы жұмысшылардың қазасы кім-кімнің де қабырғасын қайыстыратыны анық. Ал, компания басшысы Лакшми Миттал қазақ жұртшылығынан кешірім сұрамақ түгілі, көңіл айтып та жарымаған көрінеді. Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров бұл - Қазақстанның әлсіздігінен екенін айтты,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы «Сұрауы бар» бағдарламасына сілтеме жасап.

"Біріншіден, әрине, осы АрселорМиттал Қазақстанның экономикалық саяси тарихынадғы ең бір трагедиялық бет. Бұл ұлттық трагедия. Өйткені ешқандай соғыссыз, ешқандай шиеленіссіз 95-ші жылдан бастап, бүгінге дейін 200-ге тарта азаматымыздан айырылдық, 250 азамат жарақат алды. Бұл біріншіден, жаңағы псевдоинвесторлардың адам өміріне ешқандай мән бермейтінін, екіншіден олардың Қазақстан мемлекетіне қырыны қарайтынының көрсеткіші.

Қанша азаматтарымыз қайтыс болды, соның бірінде Лакшми Митталдың компаниясы көңіл айтып, ешқандай ишарат білдірмеді. Бұл менің ойымша, Қазақстан Республикасын менсінбеушілік.

Ол неге менсінбейді? Өйткені, 1995 жылы бұл кісі бұл компанияны  бар жоғы 225 млн долларға сатып алған. Ал, содан 7-8 жылдан кейін Украина зауытын 4 млрд 800 млн долларға сатып алды. Зауыт екеуінің күші бірдей. Ал, енді сол 5 жылдың ішінде "Кармед" комбинатын пайдаланып, бүкіл ресурстарын сатып, соның арқасныда екінші зауыт сатып алды. Сол 30 жылдың ішінде Миттал "Кармед" комбинатының өндірушісіне модернизцаия жасауына ақша салған жоқ, еңбек қауіпсіздік қамтасамыз етуге ақша салған жоқ . Қарағанды экологиясына ақша салған жоқ. Бүкіл Қазақстан азаматтарының өмірінен үнемдеген ақшаға шетелден яхта мен зауыт сатып алып отыр. Бұл мемлекетіміздің әлсіздігі."