Сұмдық! 300 келіге жуық есірткі тәркіленді
Халықаралық есірткі трафигінің 6 арнасы жойылды
Қазанда есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл саласындағы Ұлттық қауіпсіздік комитеті бірқатар операцияларды іске асырды, - деп хабарлайды newsroom.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Синтетикалық есірткінің 5 қолдан жасалған өндірісінің және 1 каннабис өсіруге арналған фитолабораторияның заңсыз қызметі бейтараптандырылды.
"Беларусь, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстанның құзыретті органдарымен бірлесе халықаралық есірткі трафигінің 6 арнасы жойылды.
Аталған арнайы операциялар барысында 23 күдікті ұсталды", -делінген хабарламада.
Заңсыз айналымнан 300 келіге жуық есірткі және психотроптық заттар, сондай-ақ "синтетика" жасауға арналған 1 тоннадан астам химиялық прекурсорлар тәркіленген.