Әлем

Өзбектер Палестинаны не үшін қолдамақшы?

Өзбекстан Палестинаны қолдайтынын ашық білдірді

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев кезекті жиындардың бірінде Таяу Шығыстағы қақтығыс жайлы ұстанымын айтты, деп хабарлайды newsroom.kz порталы inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

"Өздеріңіз білетіндей, Израиль мен Хамас арасындағы соғыс өрті өршіп, гуманитарлық дағдарыс қаупі күшейіп барады. Бейбіт, жазықсыз құрбандар саны артып жатыр. Балалар мен аналар қаза табуда. Адамдар баспанасынан айрылып, босып кетуге мәжбүр болуда. Біз қос тараптан көз жұмған жандардың отбасыларына қайғырып көңіл айтамыз. Мен Газа жұртына көмек ретінде БҰҰ-ның Таяу Шығыс агенттігіне 1 млн 500 мың доллар бөлу туралы шешімге келдім. Біз Палестина халқымен бірге екенімізді білдіреміз және БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің бұрын қабылдаған қарарларына сәйкес, Палестинаның тәуелсіз ел болу құқығын қолдаймыз", – деді ол.