Аймақтар

Құтты болсын! Ұлы Отан соғысы ардергі 100 жасқа толды

Павлодар облысының әскери қызметшілері Ұлы Отан соғысының ардагерін ғасырлық мерейтойымен құттықтады

Ұлы Отан соғысына қатысқан Мария Курбатованы жүз жасқа келуімен Павлодар облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары подполковник Алмасбек Бұхарбаев және«Қарулы Күштер ардагерлері» РҚБ облыстық филиалының төрағасы Жан Қаратаев құттықтап келді,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Майдангерге Қорғаныс министрінің атынаналғыс хат тапсырған подполковник АлмасбекБұхарбаев: «Азат етуші батырларымыз мәңгіжадымызда сақталады. Ал ардагерлергеқамқорлық жасау – әр әскери қызметшініңміндеті, – деді.  

Мария Курбатова 1923 жылы 29 қазандаПавлодар облысының Воронцовка ауылындадүниеге келген. Ұлы Отан соғысы кезінде олкөшпелі госпитальда жаралыларға көмеккөрсетті. 1943 жылы майданға барар алдындаМәскеу облысындағы мергендерді даярлаужөніндегі нұсқаушылардың орталық мектебінүздік бітірді. 

Аға сержант Мария Курбатова 138-ші Қызыл Ту атқыштар дивизиясы 650-ші Суворов ордені атқыштар полкінің құрамындашайқасты. Украина, Польша, Чехословакияныазат етуге атсалысты. 

Соғыс аяқталғанда Павлодарға оралып, орта мектепте алғашқы әскери дайындықтансабақ берді. Мария Даниловна Отан соғысы, Жуков ордендерімен, «Ерлігі үшін», «Жауынгерлік еңбегі үшін», «Германияныжеңгені үшін» медальдарымен марапатталған. 

Ардагердің туыстары әскериқызметшілердің көрсеткен қамқорлығына риза болып, шын жүректен алғысын білдірді.