Қар, көктайғақ, тұман! 1 қарашада ауа-райы қандай болады?
1 қарашада ауа-райы қандай болмақ?
Синоптиктер 2023 жылғы 1 қараша күні Қазақстанда ауа-райы қалай болатынын айтты, деп хабарлайды newsroom.kz порталы.
"Қазгидромет" РМК ұсынған мәлімет бойынша, тек республиканың батысы мен оңтүстігінде күн жауын-шашынсыз болады.
"Республика аумағының басым бөлігінде атлантикалық циклонның және онымен байланысты атмосфералық фронттардың ықпалымен ауа-райының тұрақсыз сипаты сақталады, жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады деп болжанды. Тек елдің батысында, оңтүстігінде антициклон жотасынан ауа райы жауын-шашынсыз болады", – делінген хабарламада.
Синоптиктердің болжамынша, Қазақстан бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, облыстың орталығында жаяу бұрқасын болады.