Шоубиз

Қазақстанда қаралы күн! Жұлдыздар құдалық тойлауда!

Қайрат Нұртастың інісі Заңғар Нұртастың құдалық тойы өтті

Заңғар Нұртас құдалық тойын өткізіп, желіні бір шулатты,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы.

Құдалық аза тұту күнімен тұспа-тұс келіп қалғандықтан, өнер иелері сол күні әлеуметтік желідегі парақшаларына ешқандай фото жүктемеді. Алайда, желі қолданушылары құдалықтан видеолар тауып, бөлісіп отырды.

Тойдан бір күннен кейін Гүлзира Айдарбекова өз әлеуметтік желісінде құдалық туралы пост жазып, қуанышымен бөлісті.

"Құдай қосып құда болдық. Жүрегім лүпілдеп ең кішкентай жүрегіміз Заңғарымның өмірлік жары Индира келініме сырға салып, құда-жекжат болып жатырмыз. Балаларымыз бақытты, үбірлі-шүбірлі болсын. Барлық айтылған ізгі бата-тілектер Алланың құлағына шалынсын!"- деп жазды Гүлзира Айдарбекова.