Жаңалықтар

Көктайғақ, жел, жаңбыр: 30 қазанда ауа-райы қандай болмақ?

30 қазанда ауа-райы қандай болмақ?

Синоптиктер 30 қазанда ауа-райы қандай болатынын айтты, – деп хабарлайды newsroom.kz порталы.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында екпіні – 15-20 м/с. 

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні  – 15-20 м/с. 

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

Абай облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында күші – 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың басым бөлігінде күші 15-20, екпіні  – 23 м/с.

Түркістан облысының таулы аудандарында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші – 15-20 м/с.

Павлодар облысында көктайғақ, түнде облыстың оңтүстігінде, күндіз орталығында тұман күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қатты жауын (жаңбыр, қар). Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде күші – 15-20 м/с.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Астанада түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күші күндіз екпіні –15-20 м/с.

Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, күндіз 30 қазанда екпіні 23-28 м/с күтіледі.