Пайдаланушы тәжірибесін жақсарту мақсатында біз cookies файлдарын пайдаланамыз.
Сайтты әрі қарай қолдану арқылы сіз cookies файлдарын пайдалануға келісетініңізді растайсыз
Ақтөбе облысы Полиция департаменті 15 мамыр күні болған жол-көлік оқиғасының куәгерлерін іздейді, - деп хабарлайды NewsRoom+ақпарат агенттігінің тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға 15 мамыр күні сағат кешкі 17:15-те “Паз” маркалы №11 автобус Пацаева көшесі бойындағы “Әкімдік” аялдамасынан қозғалар кезде, жабылмай қалған алдыңғы есіктен автобус кондукторы құлап кеткен. Ол бас жарақатын алған. 24 мамыр күні кондуктор Жедел жәрдем ауруханасында көз жұмған.
Автобус салонында 20-25 жолаушы болған. Жол-көлік оқиғасының куәгерлері мен ол туралы білген-көрген адамдар бар болса, Ақтөбе облысының Полиция Департаментінің Анықтау басқармасына хабарласуды сұрайды.