Еуропа астаналары Палестинаны қолдап, митингіге шығуда
Еуропаның бірнеше қаласында жаппай митингілер өтуде
Еуропа елдерінің астаналары мен қалаларында жаппай митинг өтіп, қатысушылар Газа секторындағы атысты тоқтатуды және палестиналық босқындар үшін гуманитарлық дәліз ашуды талап етті, деп хабарлайды newsroom.kz порталы Euronews-ке сілтеме жасап.
Үш демалыс бойы Лондонның орталығында ондаған мың адам Газадағы қақтығысты бейбіт жолмен шешуін сұрап, Палестина халқына қолдау көрсетіп митингке шықты.
Лондон полициясының хабарлауынша, акцияға шамамен 100 мың адам қатысқан.
Митингілер Ұлыбританияның Манчестер және Глазго сияқты үлкен қалаларында өткен.
Париждің орталығында да биліктің тыйым салғанына қарамастан палестиналықтарды қолдау үшін митинг өтті. Наразылық білдірушілер Газаның бейбіт тұрғындары үшін гуманитарлық дәліз ашуын сұрап, Шателе алаңына шыққан.
Римде акцияға қатысушылар Италия билігі Израильдің агрессиясын тоқтату үшін қолдан келгеннің бәрін жасасын деп талап қойған.
Израиль агрессиясына қарсы алғашқы наразылық сенбіде Тель-Авивте өтті. Сонымен қатар, Палестинаны қолдауға арналған акциялар Жапония, Үндістан және басқа да қалаларда өтуде.