Рас па? Арселор мемлекетке қайтарылады
«АрселорМиттал Теміртау» АҚ Қазақстан Республикасының пайдасына берілетін болмақ
«АрселорМиттал Теміртау» АҚ акционерлерімен алдын ала уағдаластыққа қол жеткізгенін және кәсіпорынның меншік құқығын Қазақстан Республикасының пайдасына беру туралы келісімшартты рәсімдеу аяқталу үстінде екендігін хабарлаймыз» делінген ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Қарағанды облысында «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның Костенко атындағы шахтасында орын алған апаттың себептерін тергеу және оның салдарын жою жөніндегі Үкіметтік комиссия құрылды.
Әлихан Смайылов Костенко шахтасындағы апаттың себептерін тергеу жөніндегі Үкіметтік комиссияны басқаратын болады.
Айта кетейік, Қарағанды шахтасындағы апатты жағдайға байланысты Президент апаттың мән-жайын анықтап, кеншілерді құтқару және зардап шеккендер мен қаза тапқандардың отбасыларына шұғыл көмек көрсететіп, қажетті шаралар қабылданатынын жеткізді. Сондай-ақ, мемлекет басшысы ертең, яғни 29 қазанды елімізде Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялайтынын айтты.