Аймақтар

Тоқтау бола ма? Қарағанды шахтасында 16 адам қайтыс болды

Қарағандыда "Костенко" шахтасында жарылыс болып, 16 адам қайтыс болды. Бірнеше адам әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы облыс әкімдігіне сілтеме жасап.

9:00- дегі ақпарат бойынша ,апат кезінде шахтада 252 адам болды, жер бетіне әзірге 205 кенші шығарылды. 

Қазір апат орнында облыс әкімінің басшылығыммен жедел штаб құрылып, жауапты адамдар тағайындалды. Құтқару жұмыстары жалғасуда.