16 кездесу өткізілді: бұл қандастардың мәселесін шеше ме?
Жуырда Павлодар облысындағы қандастарымызға қатысты дау шығып, біраз БАҚ бұл туралы жазған.
Моңғолиядан келген қандастар Павлодар мен Астанананың арасын жол қылған. Осыған орай, newsroom.kz порталы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сұрау салған еді.
«Этникалық қазақтарды тарихи отанына қайтару – көші-қон саласының басты бағытының бірі болып табылады» - деген министрлік өкілдері «Павлодар облысында Моңғолиядан келген қандастардың мәселесі азаматтықты алуда, атап айтқанда көші-қон қызметіне ұсынылатын құжаттарды заңдастыруда болды» - деген жауап берді.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі тұрақты негізде халықпен, оның ішінде қандастармен кездесулер өткізеді. Ағымдағы жылы халықпен 16 кездесу өткізілді. Жүргізіліп жатқан жұмыс туралы ақпаратты халыққа жеткізу мақсатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі БАҚ өкілдерімен бірлесіп жұмыс жүргізуде, оның ішінде баспа басылымдары мен интернет ресурстарында мақалалар жариялау, телебағдарламаларға қатысу, сондай-ақ «Отандастар Қорымен» шетелде ақпарат жеткізу бойынша бірлескен жұмыс жүргізілуде – деген жауап алдық.
Бірақ шешіліп жатқан жұмыстардың нақты саны қанша?