Солтүстік пен орталық өңірлерде жылыту басталды
Солтүстік және орталық өңірлерде жылыту маусымы басталды
Бірінші кезекте әлеуметтік нысандар жылытуға қосылады деп хабарлады Энергетика министрлігі newsroom.kz порталы жолдаған сауалхатына.
Батыс өңірлерде жылу беру 20 қазаннан бастап, оңтүстік өңірлерде - осы жылдың 25 қазаннан бастап жоспарланған.
Мәселен, Риддер қаласында 8 қазаннан бастап жылыту маусымы басталған, тұтынушыларды қосу аяқталу кезеңінде дейді. Жұмыста 3 қазандық бар. Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда екен. Нысанда 16 мердігер ұйым бар деді біздің сауалхатқа жолданған жауапхатта. 3 қазандықты жөндеу ағымдағы жылдың желтоқсан айына дейін аяқталады. Көмір мен мазут қоры бар екен.