Жаңалықтар

Хэллоуин - жындардың мейрамы ма? Мүфтият не дейді?

ҚМДБ хэллоуин туралы мәлімдеме жасады

ҚМДБ Шариғат және пәтуалар бөлімінің меңгерушісі, наиб мүфти Сансызбай Құрбанұлы хэллоуиннің жындар мерекесі екенін айтты,- деп хабарлайды newsroom.kz.

"Хэллоуин - жындардың мейрамы, оның дінімізге де, қазаққа да қатысы жоқ. Шариғатымыз мұндай мерекелерге тыйым салған. Себебі, Пайғамбарымыз (с.а.с) кәпір қауым сияқты болмауды ескерткен. Ибн Омар (р.а.) риуаят еткен хадисте Пайғамбарымыз (с.а.с.): "Кімде-кім қандай да бір қауымға ұқсаса, ол солардан болады",- делінген жазбада.

Айта кетейік, бұл мейрамның негізгі идеясы тірілер мен өлілер әлемі арасындағы байланыс. Бұл, түнде, аңыздарға сәйкес, өлгендердің рухтары Жерге оралады, адамдар зұлым рухтарды қорқыту үшін немесе ішкі қорқыныштарын жеңу үшін қорқынышты костюмдер киеді.