Гей-оргия ұйымдастырған католик епископы қызметтен қуылды

Католик Епископы Гжегож Кашактың диоцезиясында қызметкерлер гейлер кешін өткізген

Фото: Agencja Wyborcza

Бұл туралы newsroom.kz порталы newtimes.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Аталған жағдайдан кейін епископ қызметтен кетуге мәжбүр болған көрінеді. Қазір Кашакпен бірге жұмыс істеген кейбір діни қызметкерлерге қатысты тергеу жүргізілуде.

Telegraph.co.uk порталының хабарлауынша, Кашактың диоцезиясының діни қызметкерлері гей-оргия ұйымдастырған. Бұл шара діни қызметкерлердің бірінің пәтерінде өтіп, оған тек ер адамдар қатысқан.
Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, полицияны гей-оргияға қатысушылардың өздері шақырған, өйткені олардың біреуі үлкен мөлшерде зиян дәріні қолданып ауырып қалған.

Бұл оқиғадан кейін епископ қызметтен шеттетілді. Ал, Рим Папасы оның қызметтен қуылуын растады.

 

 

 

 

 

Жүктелуде...