Жаңалықтар

Түркістандық депутат - уәделерім орындалып жатыр

Қайрат Балабиев жарты жылда атқарған жұмыстарымен бөлісті

Бір мандаттық жүйе бойынша Түркістан облысынан Мәжіліс депутаты болып сайланған Қайрат Балабиев жарты жылда атқарған жұмыстарымен бөлісті., - деп хабарлайды newsroom.kz порталы сілтеме жасаған AbayLive.

Abay LIVE Youtube арнасына берген сұхбатында ол сайлаушыларының мәселелері бойынша көтерген депутаттық сауалдары нақты нәтиже бергенін атап өткен. 

«Жарты жылдың ішінде 15 шақты депутаттық сауал жолдадым. Мәжіліс отырысынан бесеуін жолдасам, қалғанын жазбаша жібердім. Бәрінің жауабын алдым. Мысалы, Түркістан облысында әлі 110 саман кірпіштен салынған мектеп бар. «Жайлы мектеп» жобасы бойынша тізімнен қалып қоймасын деп алдын ала сауал жолдадым. 121 мектеп керектігін жаздым. Содан Үкімет 344 млрд теңге бөлетін болды. Келесі депутаттық сауалым ауыз су жеткіліксіздігі жайында болды. Бұл бағытта Amanat партиясының да арнайы бағдарламасы бар. Осы бағытта қаржы бөлінеді. Газ мәселесі бойынша да нақты жауап алдым. Сонымен бірге партия жетекшісі Ерлан Қошанов облысқа барғанда жылыжай иелері субсидияға қатысты өтініштерін айтқан еді. Осыны да негізге ала отырып сауал жолдадық. Қаржы бөлінетін болды», - деді ол сұхбатта.