Қылмыс

Экс-министр Бекетаев елден қашпақ болды

Бас прокуратураның хабарлауынша экс-министр Бекетаев елден қашпақ болған кезде ұсталған

21 қазанда өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікпен ұсталған  бұрынғы Әділет министрі елден қашпақ болды,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы. 

Экс-министр Бекетаевтың елден қашпақ болған кезде ұсталғанын Бас прокурордың орынбасары Әсет Чиндалиев растады.

"Қызмет бабын асыра пайдаланып, мемлекетке аса ірі көлемде зиян келтірді деген күдікпен қылмыстық іс қозғалды. Расымен, Бекетаев елден қашпақ болған кезде ұсталды. Бекетаев елден жасырынуға тырысқан кезде ұсталды. Қалған ақпарат сотқа дейінгі тергеу деректері болғандықтан, жария етілмейді", - деді ол.