Лима Диас қайтадан Азаматтарды қолдау орталығына басшы болды
Лима Диас Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының басқарма төрағасы болып тағайындалды.
ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Данияр Кадиров Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының ұжымына Басқарма төрағасын таныстырды,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы Азаматтық бастамаларды қолдау орталығына сілтеме жасап.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығымен Лима Диас Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының басқарма төрағасы болып тағайындалды.
Айта кетейік, Лима Диас бұған дейін де осы қызметті атқарған.