Елорда

Әл-Фараби атындағы мемлекеттік сыйлықтың иегерлері анықталды

Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлық иегерлері анықталды

Аталған сыйлық ғылым мен техника саласындағы аса үздік жетістіктері үшін екі жылда бір рет беріледі,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы Ақордаға сілтеме жасап.

Президент Жарлығымен биылғы мемлекеттік сыйлық Эрлан Батырбековтің жетекшілігімен жүргізілген «Қазақстан Республикасының атом-энергетика саласын құруға және көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясын іске асыруға арналған әлемдік деңгейдегі зерттеулер мен әзірлемелер» жұмысы үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығының авторлар ұжымына берілді.

«Қазақстанның әл-Фараби атындағы  ғылым   мен  техника саласындағы 2023 жылғы мемлекеттік сыйлығы «Қазақстан Республикасының атом-энергетика саласын құруға және көміртегі бейтараптығына қол жеткізу  стратегиясын іске асыруға арналған әлемдік  деңгейдегі зерттеулер мен әзірлемелер» тақырыбы бойынша  жұмысы үшін:

«Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан  Ұлттық инженерлік академиясының және Қазақстан ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі Эрлан Ғаділетұлы Батырбековке;

«Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы» шаруашылық  жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік  кәсіпорны «Атом энергиясы институты» филиалы  директорының бірінші орынбасары, техника ғылымдарының  кандидаты Виктор Владимирович Баклановқа;

«Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны бас директорының орынбасары, философия докторы (PhD) Владимир Анатольевич Витюкке;

«Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны бас инженерінің орынбасары, техника ғылымдарының кандидаты Денис Борисович Зарваға;

«Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны «Атом энергиясы институты» филиалы директорының материалтану зерттеулері жөніндегі орынбасары Ерболат Тайтөлеуұлы Қоянбаевқа;

«Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас ғылыми қызметкері, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі Мәжін Қанапияұлы Сқақовқа;

«Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны «Атом энергиясы институты» филиалының бас ғылыми қызметкері, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Ирина Лашкаровна Тәжібаеваға;

«Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны «Атом энергиясы институты» филиалының термоядролық зерттеулер бөлімінің басшысы, философия докторы (PhD) Бауыржан Жамбылұлы Шектібаевқа берілсін.

Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі, – делінген Президент Жарлығында.