Иманды болсын! Газада қандасымыз қаза болды
Газа секторындағы атыстан қазақстандық әйел қаза тапты
Бұл туралы newsroom.kz порталы Қазақстан сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап хабарлады.
Атыстан Қазақстандық әйелмен оның 23 жастағы қызы ( Палестина азаматы) қаза тапты.
Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, Қаза тапқан қазақстандық Палестина аумағында ұзақ уақыттан бері тұрып келген.
ХАМАС радикал тобының бақылауындағы Газа секторының денсаулық министрлігі 7 қазаннан бері бұл аймақта 4651 адам қаза тауып, 14245 адам жараланғанын мәлімдеді. Ал Израиль тарабы кемі 1400 адам қаза тапқаны хабарлаған.
Екі аймақта да қаза тапқан шетелдіктер көп.
Қазақстан СІМ-нің өкілі Айбек Смадияров өткен аптада Газа секторында 64 қазақстандық барын айтқан.