С.Тау "Оян қазақ" фильмінің режисері М.Есжанға көлік мінгізді
Бизнесмен Сырымбек Тау "Міржақып. Оян қазақ" фильмінің режиссер-сценаристі Мұрат Есжанға көлік сыйлады
Белгілі кәсіпкер Сырымбек Тау "Міржақып. Оян, қазақ!" фильмінің режиссер-сценаристі Мұрат Есжанға көлік сыйлады, деп хабарлайды newsroom.kz порталы.
"Бұл қазақстандық қоғамды кинозалдарда біріктірген тұңғыш фильм болды. Отандық картина көрермендердің жүрегіне жетті. Мұндай фильм режиссерінің еңбегі қандай құрметке де лайық, сол себепті ел жанашырына алғыс ретінде біз оғанавтокөлік сыйлауды ұйғардық", – деп атап өтті Сырымбек Тау.
Мұрат Есжан әлеуметтік желісінде мұндай сыйлық күтпегенін айтып, ризашылығын білдірді. Сонымен қатар, ол өзінің ескі көлігін көрсетті.
Енді жасыратын несі бар, айта берейінші. Жаңа шара болып жатқан жерде кіл жаңа, крутой көліктердің қасына қоюға ұялып, машинамды алысқа қойып кетіп едім. Терезесі ашылмайтын, багажнигін ішінен еңбектеп кіріп ашатын бұл көлікке де өкпе жоқ. Тақылдаса да, уілдесе де тоқтамай жүріп тұр. Бір емес, екі сериалды осымен жүріп түсірдік. Енді жаңа көлікпен жаңа жобалар жасауды жазсын! Осы көлікпен келіп, басқа көлікпен кетудің сәті түсіп тұр. Өте қуаныштымын, - деді Мұрат Есжан.