Sportroom

Қазақстандықтар пара каноэдан 3 медаль еншіледі

IV Азия Пара ойындарында каноэден өткен жарыста қазақстандық спортшылар 3 медальді қанжығаларына байлады

Бүгін IV Азия Пара ойындарында каноэден өткен жарыста қазақстандық спортшылар 1 «күміс» және 2 «қола» медаль жеңіп алды,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығына сілтеме жасап.

Пара спортшы Бибарыс Спатай KL3 санатандағы 200 м қашықтықты 43.601 секундта бағындырып, күміс жүлдегер атанды. Мәреге бірінші болып өзбекстандық Азизбек Абдулхабибов 42.487 секундта жетсе, жапондық спортшы Хироми Татсуми 47.601 уақытымен үшінші болып аяқтады.

Әйелдер арасындағы бәсекеде өнер көрстеткен Жаныл Балтабаева VL3 санатындағы 200 м қашықтықты 1:07.795 секунда бағындырып, қола медельға ие болды. Ал, алтын медальді өзбекстандық Шахзода Мамадалиева 58.775 секунд уақытымен иеленсе, күміс жүлде 59.724 секкунд уақытты көрсеткен қытайлық Ионгиян Жонгқа бұйырды.

Сондай-ақ, KL1 санатында қазақстандық Максим Богатырев мәреге 58.479 секунда келіп қола жүлдегер атанды. Бірінші орынды ирандық Саид Хусейнпоорзарауни 50.468 секунд уақытымен жеңіп алса, еккінші орын 51.256 секунд уақытымен келген қытайлық Ию Хиаоуэйге бұйырды.