Қар, көктайғақ: 23 қазанда Қазақстанда ауа райы қандай болады?
23 қазанда Қазақстанда қандай ауа райы күтіледі?
«Қазгидромет» хабарлауынша 23 қазанда күн райының бұзылуына байланысты бірқатар өңірде ескертіледі, деп хабарлайды newsroom.kz.
Астана қаласында түнде және таңертең жауын-шашын (жаңбыр соңы қарға ұласады), көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысып, түнде екпіні 15-20 м/с құрайды.
Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында тұман болжанады.
Күндіз Жетісу облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр жауып, таулы аудандарда тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні облыстың орталығында, батысы мен шығысында 15-20 м/с құрайды.
Күндіз Алматы облысының оңтүстігінде кей уақытта қатты жаңбыр жауып, таулы аудандарда жаңбыр мен қар жауын-шашын болады. Түнде және таңертең облыстың таулы аудандарда кей уақытта тұман күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігі мен таулы аудандарында екпіні 17-22 м/с жетеді.
Түнде және таңертең Атырау облысының батысы мен оңтүстігінде тұман болжанады.
Түнде және таңертең Ақмола облысының оңтүстігінде, солтүстігі мен шығысында жауын-шашын (жаңбырдың соңы қарға ұласады) күтіледі. Өңірдің оңтүстігінде, солтүстігі мен шығысында тұман, көктайғақ болжанады. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысып, түнде екпіні 15-20 м/с, облыстың солтүстігі мен шығысында кей уақытта 23 м/с күшейеді.
Манғыстау облысының солтүстігі мен шығысын тұман басады.
Қарағанды облысының солтүстігі мен шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғып, түнде күші 15-20, кей уақытта 25 м/с құрайды.
Түнде Ұлытау облысында тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде күші 15-20 м/с құрайды.
Түнде және таңертең Ақтөбе облысының батысы мен солтүстігінде тұман болжанады.
Абай облысында оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, күші 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, батысы мен орталығында екпіні 23-28 м/с артады.
Түнде Павлодар облысында жауын-шашын жауады. Күндіз өңірдің солтүстік жартысында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар) байқалады. Облыстың басым бөлгінде көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғып, екпіні 23-28 м/с жетеді.
Қостанай облысының батысы мен солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысып, күші 9-14, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с құрайды.
Шығыс Қазақстан облысының шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, екпіні 23-28 м/с жетеді.
Түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында жауын-шашын (жаңбырдың соңы қарға ұласады) жауады. Өңірдің солтүстігі мен шығысында көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысып, екпіні 23-28 м/с артуы ықтимал.
Түнде және таңертең Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 23 м/с жетуі мүмкін.
Шымкент қаласында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні кей уақытта 23 м/с күшейеді.