Шоубиз

Психолог: Тойды байлар істесін

Белгілі кәсіпкер, коуч Роза Аширбаева тойды жағдайы келетіндер істесін деді,- деп хабарлайды newsroom.kz.

“28-дегі қайнымды сендер үйлендіресіңдер”- деп әлеуметтік желіге жолданған хатқа ызаланған коуч тойды байлар істесін деді.

“Үйленуге ақшасы жоқ па, той істемесін. Түсінікті ме? Ақша жоқ па, істемесін. Тойды жалпы байлар істеуі керек. Не үшін 5 кредит алып, қарызға батып жүреді? Не үшін керек сол? Үш ұйықтасаң түсіңе кірмейтін, баяғыда араласпай кеткен адамдарды шақырып тойыңа. Не үшін соның бәрі? Байлар істейді. Тойды атам заманнан байлар істейді, кедейлер істемейді. Бай деген кім? Ақшасы бар адам. Сенде жоқ па, тыныш отыр”,- деді Роза ханым.

Желідегі оқырмандары да, Роза ханымды қолдап, “Дұрыс, 28-ге келгенше не бітіріп жүр?”, “100 пайызға келісемін” деп пікірлер қалдыруда.