Sportroom

Азия жеңімпаздары 4 млн 788 мың теңге алады

Жуырда Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен Азия ойындарының жүлдегерлері қанша сыйақы алады деген сауалды newsroom.kz порталы Спорт және туризм министрлігіне жолдаған еді.​

​Берілген жауапта, Халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне, жаттықтырушыларға және спорт түрлері бойынша ҚРқұрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелеріне ақшалай көтермелеудің мөлшері ҚР Мәдениет және спорт министрі 2023 жылғы 27 маусымдағы № 156 бұйрығымен бекітілген – дейді.

Оған қоса, ақшалай көтермелеудің мөлшеріне сәйкес, Азия ойындарының чемпиондар мен жүлдегерлеріне бірінші орынға – 10 000 доллар, екінші орынға – 5 000 доллар, үшінші орынға – 3 000 доллар беріледі. Бірінші орын алған спортшының жаттықтырушысы – 5000 доллар, екінші орынға – 3000 доллар, үшінші орынға – 2000 доллар алады екен. Одан бөлек, әлеуметтік желілерде Азия ойындарына 100 млрд. теңге қаражат жұмсағаны туралы ақпарат  сенімді емес деген де жауап алдық.