Қылмыс

Млрдтарын берген Боранбаев бостандыққа шықты

Сот Қайрат Боранбаевтың жазасын бас бостандығын шектеуге ауыстырды, – деп хабарлайды newsroom.kz порталы Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Сот сотталушы Б.-ның өтінімхатын қанағаттандырып, қалған жазасын бас бостандығын шектеуге ауыстырды.

Сот мына мән-жайды ескерді:

Сотталушы заңмен бекітілген жазаның үштен бір бөлігін өтеді  (2 жыл 4 ай 5 күн);

Тергеумен келісіп, істеген ісіне өкініп, мемлекетке келтірген залалды толық өтеді;

Қамауда болған кезінде өзін оң жағынан көрсетті.

Мекеме әкімшілігі тиісті құжаттарды ұсынып, өтінімхатты қолдады", - делінген хабарламада.

 

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетейік, наурызда Қайрат Боранбаев 8 жылға сотталған. Ал қыркүйекте жаза мерзімі 6 жылға дейін қысқарған еді.