Sportroom

Азиадада этика сақтамаған жаттықтырушы жұмыстан босатылған

Ханчжоуда өткен Азиада ойындарында ерсі әрекетімен көзге түскен отандасымыздың видеосы әлеуметтік желілерде кеңінен тарап кеткен еді.

 

​Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті newsroom.kz порталының форма дауына қатысты жіберген сұраухатына жауап берді.

​Ресми жауапқа сүйенсек, 2020 жылы министрлік жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларға сәйкес әзірленген және спортшылардың, жаттықтырушылардың, жаттықтырушы-оқытушылар мен спорт төрешілерінің мінез-құлқының негізгі ережелерін белгілейтін Қазақстан Республикасының спорттық этикасын қабылдаған.

Соған сәйкес спорттық этиканы сақтамағаны үшін академиялық есу бойынша жаттықтырушы Евгений Тацей жұмысынан босатылды делінген аталмыш хабарламада.