Sportroom

Азиададағы форма дауы: тексеріс жүруде

Ханчжоуда өткен Азиада ойындарында спорттық киімге қатысты дау шығып, оны бірқатар басылымдар жазған болатын.

 

 

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес спорттық киім-кешек қазақстандық өндірушілерден сатып алынды. Дизайн, матаның сапасы мәселелері спорт федерацияларының өкілдерімен талқыланды – дейді Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті newsroom.kz порталының форма дауына қатысты жіберген сұраухатына.

​Естеріңізде болса, Ханчжоуда өткен Азиада ойындарында спорттық киімге қатысты дау шығып, оны бірқатар басылымдар жазған болатын.

​Спорт комитетінің жауабына сүйенсек, шешім алқалы түрде қабылданған. Спортшылардан Ойындар басталғанға дейін шағымдар түспеген.

​Редакцияға келіп түскен жауапқа қарасақ, келісім-шарттар «Атамекен» ҰКП-ның тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің (Индустриялық сертификат) отандық өндірушілер тізіміне кіретін спорттық жабдықтарды өндірушілер «ҚазСПО-N» ЖШС (Zibroo), «79 квартал» және отандық аяқ киім өндіруші ЖК «ТОРИ Компани» ЖШС жасалынған.

Қазіргі уақытта спорттық киім-кешектің 2 жиынтығы Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне сапа ақауларын тексеру және бағалау үшін берілген.