Смайыловтың әкесі Жамбыл облысының құрметті азаматы атанды
Премьер-министр Әлихан Смайыловтың әкесі Жамбыл облысының құрметті азаматы атанды
Жамбыл облысы мәслихатының сессиясында облыстың "Құрметті азаматы" атағына премьер-министр Әлихан Смайыловтың 75 жастағы әкесі Асхан Смайылов ие болды,- деп хабарлайды newsroom.kz.
Мәслихат депутаттары медицина ғылымдарының докторы Асхан смайыловқа бірауыздан дауыс берді.
Жамбыл облысы мәслихатының сайтында "Құрметті азамат" атағын азаматтардың көп жылғы еңбегі қоғамның мойындауын білдіретін моральдық ынталандыру екені жазылған.
"Құрметті азамат атағын алған азаматтар құрметті қонақ болып табылады. Оларды тиісті мәслихаттар мен әкімдіктердің шарасына, мемлекеттік мерекелерге, Жамбыл облысының, қаланың, ауданның күніне арналған іс-шараларға, сондай-ақ басқа да маңызды оқиғаларға арналған жиындарға шақырылады", - делінген мәслихаттың қаулысында.
"Құрметті азамат" атағы өмір бойына беріледі. Оның тағайындалғанын растайтын құжаттар мен төсбелгі жанұясына қалдырылуы мүмкін немесе мұражайға келісіммен тапсырылады.
Айта кетейік, облыстың құрметті азаматтарының тізімінде қазірдің өзінде экс-президенттікке үміткер Жигули Дайрабаев, актер Асанәлі Әшімов, жазушы Шерхан Мұртаза, Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров, мемлекет қайраткерлері Махмұд Қасымбеков, Қанат Бозымбаев, Бақытжан Сағынтаев, Асқар Мырзахов және тағы басқалар бар.