Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Қабылбек ұстаз өзіне қатысты тараған қауесетке нүкте қойды

Ол өзін садақаның ақшасына Америкаға барып келді дегенді жоққa шығарды.

Қабылбек ұстаз өзіне қатысты тараған қауесетке нүкте қойды
фото: ilim nury

Бұл туралы newsroom.kz порталы turkystan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Уағызшы әлеуметтік желідегі парақшасында видео жариялады.

«Садақа деген - мешіттегі мәселе. 2020 жылы Қарағандыдан Алматыға ауысып келдім. Содан бері мен мешітте имам емеспін. РАНТ мүшесімін. 

Мешіттер халықтың садақасымен күнкөріп отыр. Қалалық жерде түсім көп болып, мешіттер жылуын жауып отыр. Ауылды жерде бұл жағдай қиын. Түсім өте аз. 

Сол үшін, садақаның ақшасына жинап алып, шетелге барыпты дегенді қою керек, Құдай сақтасын. Кішігірім кәсібіміз де бар, Аллаға шүкір. Кәсіпкерлердің демеушілігімен, барып келген жағдайымыз бар», - деп уағызшы көптің көкейіндегі сұраққа жауап берді.