Жаңалықтар

Алматылық бойжеткен қазақ тілін "мәмбеттер тілі" деп атаған

Қазақ тілін кемсіткен қызға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды

Алматылық бойжеткеннің қазақ және қырғыз тілдерін жамандап сөйлеген видеосы желіде тарады, деп хабарлайды newsroom.kz порталы Inbusiness.kz ке сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде тікелей эфирде шыққан қыз қазақ тілін кемсітіп, жаман сөздер айтқан.

"Маған қазақ тілі өте ұнамайды. Шынын айтқанда ол "мәмбеттердің" тілі. Қазір бұл мәмбеттер ауылдардан қалаға қарай ағылып келіп жатыр, салдарынан қалада үлкен кептелістер пайда болды. Мен өзім Алматыдан боламын. Маған қазақ тілі ұнамайды, қазақ пен қырғыздың тілі "мәмбеттердің" тілі", - деді қыз тікелей эфирде.

Бойжеткеннің бұл қылығы әлеуметтік желіні қолданушылар тарапынан ашу туғызды. Желіде тараған видеоларда бұл қыздың тікелей эфирге жиі шығып, ұлтаралық алауыздықты қоздырып отыратыны айтылған.

Алматы қалалық полиция департаментінде аталған дерек ҚР ҚР-нің 174-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын мәлімдеді.

"ҚР заңнамасына сәкес шаралар қабылданатын болады", - деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.